Жанама дәлелдеу

lat: Janama dáleldeý

Тезисті негіздеу тәсіліне байланысты айырмашылығы болатын логикалық дәлелдеудің бір түрі. Оның тікелей дәлелдеуден өзгешелігі мынада: Жанама дәлелдеуде дәлелденетін тезистің ақиқаттығы кейбір жағдайлардың жалғандығын анықтау арқылы негізделеді, ал бұл жағдайлар дәлелденетін тезиспен тығыз байланыста болады да олардың жалғандығынан келіп тезистің ақиқаттығы шығады. Жанама дәлелдеу-жанама дәлелдеудің әрқилы түрлері болады. Талғаулы жанама дәлелдеу тұжырымның белгілі жағдайындағы барлық мүмкіндіктерді толық қамтитын бірнеше сөйлемдер қарастырылады: барлық сөйлемдердің әрбірінен басқаларының жалғандығы анықталады да, соңынан сол сөйлемнің ақиқаттығы тағайындалады. Жанама дәлелдеудің тағы бір түрі апагогикалық дәлелдеу, мұнда антитезистің ақиқаттығын ұйғарудан логикалық қайшылық туады және соның негізінде тезистің ақиқаттығы туралы қортынды жасалады.